Home Жаңалықтар «Таза жабайылық»: Қайрат Нұртастың әйелі азық-түлікті толтырып алып жатқандарға шүйлікті

«Таза жабайылық»: Қайрат Нұртастың әйелі азық-түлікті толтырып алып жатқандарға шүйлікті

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасында елде болып жатқан төтенше жағдайға қатысты өз пікірін жариялады. Азық-түлік дүкендерін талан-таражға салып, толтырып алып жатқан тұрғындардың ісін жабайылық деп біледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үйінің ішін бір жылдық азық – түлік қорымен толтырып қойған тұрғынның желіде тараған видеосына Жұлдыз былай деп баға берді:

«Видеодағы жағдай таза жабайылық дер едім. Азық-түлік сататын базарлар жұмыс істеп тұр», – деген ол дәл қазіргі қысыл-таяң уақытта жауапкершілікті болуға шақырды.

«Біздің буын және бізден кейінгі буын мұндай кезде қайтпек керегін білмейді. Себебі біз соғысты, ашаршылық пен нәубетті бастан өткермедік. Оған қарсы тұрар иммунитет жоқ. Ал орта және аға буын көрген зұлматтың дәмін ұмытпағандықтан сәл нәрседен сескенеді. Бірден реакция танытады. Меніңше қазір біздің қоғамда дәл осы екі эмоция қақтығысуда.
Бірақ екі буынға да ортақ бір-ақ нәрсе бар. Ол – жауапкершілік. Өз өміріңізге алаңдамасаңыз да, өзіңізбен бірге өзгені де ала кететініңізді естен шығармау керек. Сақтанбай, вирус жұқтырған сәтте, сіз бір емес бірнеше жүз, мың, миллион өмір үшін жауап бере аласыз ба?! Сіздің салғырттығыңыз үшін жазықсыз бала, қарт, жар, ана, әке, ата, сәби жапа шегеді. Сондықтан “Ой, саясат үшін ойлап тапқан жоқ нәрсе”, “Маған ешқашан жұқпайды”, “Мешіт – құдай үйі. Онда баруға тыйым жоқ” деген қыңыр әңгімелерді қысқарту керек. Ойынға айналдырып болған шығармыз. Тіпті Трамптың да сарказмына айналдық қой», – деген Жұлдыз ес жинайтын уақыт келгенін айтты.

Сөз соңында, кредит каникулы туралы айтқан Абдукаримова жұмыссыз қалған адамдардың жайын ойлап алаңдайтынын жеткізді.

«Мүмкіндігі барлар онлайн жұмыс істер, ал жұмыссыз қалғандар не істейді?! Ай сайын алқымнан алатын кредит бар, жалдамалы пәтері мен ішіп-жер тамағы бар. Осыған орай билік төтенше жағдай аяқталғанша халықты кредиттен каникулға жіберсе деген ойға қонымды өтінішті ескерсе…», – дейді Жұлдыз Абдукаримова.

Коммент өшірілген on «Таза жабайылық»: Қайрат Нұртастың әйелі азық-түлікті толтырып алып жатқандарға шүйлікті