Home Жұлдыздар құпиясы «2500 теңге»: Отандық әншілер ауру балаларға қанша қаржы жұмсағанын білесіз бе? (видео)

«2500 теңге»: Отандық әншілер ауру балаларға қанша қаржы жұмсағанын білесіз бе? (видео)

Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев жаңа жылға орай отандық әншілерден балаларға қайырымдылық жасауды сұрады.

Бұл туралы «Жұлдыздар құпиясы» хабарлайды.

OYBAY SHOW бағдарламасын түсіру кезінде тележүргізуші Аяз Ата болып киініп концерттік бағдарлама кезінде шоу бизнес өкілдерінен балаларға сыйлыққа ақша сұраған.

Мұхит әншілерге балаларға тәтті алып беруге ақша жинауды ұсынған. Барлық қаржыны ол ауру балаларға жұмсауға уәде берді.

Алайда, барлық шоу бизнес өкілі бұл ұсынысқа келіспеді.

Мысалы, әнші Серік Гамза-заде 30 мың теңгеге тәтті алуды қалтасы көтермейтінін айттты.

«Азия» тобының әншісі Ренат Басит Мұхитқа бүкіл топтың атынан 2500 теңге берді.

«Өзіңе емес шығар, қолдан келгенше тастаймыз» – деді әнші.

Айқын Төлепбенген тележүргізушіге 20 мың теңге берсе, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай 30 мың теңгені отбасылары атынан берген.

Барлығы бұл акция аясында Сапарбаев әншілерден 132 мың теңге жинады.

https://youtu.be/smfrnV-vwoQ

Коммент өшірілген on «2500 теңге»: Отандық әншілер ауру балаларға қанша қаржы жұмсағанын білесіз бе? (видео)