Home Жаңалықтар Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ең құрметті азаматтарын марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марапатталғандардың арасында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қызметкерлері бар.

Әншілер Димаш Құдайберген мен Тамара Асар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды, Бибігүл Төлегенова мен Сара Назарбаева І дәрежелі «Барыс» орденін алды, балалар омбудсмені Аружан Саин «Құрмет» орденімен марапатталды.

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен азаматтардың үлкен тобы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына, белсенді қоғамдық жұмыстарға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

«Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан ерекше үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше жетістіктері үшін «Қазақстан Еңбек Ері» атағы Роза Рымбаеваға берілді.

«Қазақстандық eңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым мен мәдениеттің 36 танымал өкіліне, оның ішінде танымал әншілер Тамара Асар мен Димаш Құдайбергенге, ғалым А.Жұмаділдаевқа, кинорежиссер Н. Есімғалиевке, дирижер Р.Салаватовқа және басқаларға берілді.

Коммент өшірілген on Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды