Home Негізгі Мұқасан Шахзодаев: Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын
Негізгі - Сұхбат - 11.12.2019

Мұқасан Шахзодаев: Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын

Нұр-Мұқасан тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаев өзге ұлттың қыздарына көзқарасы қандай екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жылқышыбаймен уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

Жүргізушінің «не себепті Мұқасан өзге ұлттың қыздарына көбірек ғашық болады» деген сұрағына біраз ойланып қалды.

«Бұлай деп айту дұрыс емес сияқты. Өзге ұлттарға ғашық бола алмаймыз ғой. Қазір мен шынмен жауап берейін. Мен, мысалы орыстың қыздарына мүлдем бармаймын, мүлдем бара алмаймын. Шынымен мен көп ғашық болмайтын адаммын. Соңғы рет өзімінің келіншегіме ғашық болдым. Қыз ретінде ұнауы мүмкін, бірақ басым кетіп ғашық көрмеппін. Шын, өтірік емес ол. Басқа ұлттың қыздары жай ғана ұнайды. Бірақ ғашық болмаймын», – деді әнші.

Сұқбат барысында Мұқасан Шахзадаев арасында өзінің ішімдіктен бас тартпайтынын жасырмады.

«Қазір отырып алып, арақ мүлдем ішпеймін десем өтірік болып қалады. Былайша айтқанда, біздің жүрген жеріміз ішімдік қой. Біз Кеңес үкіміметін көрген адамдармыз ғой. Ішпейміз емес, арасында ұрттап қоямыз. Бірақ салынып ішу деген жоқ. Құдай сақтасын. Бірақ енді бір кісідей ішіп қоятынымыз бар, дегенмен ішкен кезде де ақылмызды ішпейміз», – деп қосты Мұқасан.

Бұған дейін Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтқан болатын

Коммент өшірілген on Мұқасан Шахзодаев: Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын