Home Жұлдыздар құпиясы Әлі жаспын: Мөлдір Әуелбекова қайта тұрмыс құруға қарсы емес екенін айтты

Әлі жаспын: Мөлдір Әуелбекова қайта тұрмыс құруға қарсы емес екенін айтты

Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмыс құру туралы ойын айтты. Бұған дейін тұрмыста болып, бір баласын дүниеге әкелген әнші өзінің әлі жас екенін айтуда. Сондықтан қайтадан отанасы атануға қарсы емес сияқты.

Бұл туралы Әуелбекова  НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Тұрмысқа шығып, арада бір жылдан аса уақыт өткеннен кейін Мөлдір Әуелбекова ажырасып кеткенін айтқан еді.

Бүгінде ұлы Салтайды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әнші болашақта қайта тұрмыс құруға қарсы емес боп шықты.

«Егер де тағдырыма солай бұйырып тұрса, неге шықпасқа? Мен әлі жаспын!» – дейді Мөлдір.

Еске сала кетсек,  бұған дейін Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің ұлын іздей бастағанын айтқан еді.

Коммент өшірілген on Әлі жаспын: Мөлдір Әуелбекова қайта тұрмыс құруға қарсы емес екенін айтты