Home Жаңа әндер Батырхан Шүкеновтің «Асель» деп аталатын әніне түсірілген клип жарыққа шықты
Жаңа әндер - 18.05.2016

Батырхан Шүкеновтің «Асель» деп аталатын әніне түсірілген клип жарыққа шықты

Батырхан Шүкенов атындағы қор әншінің туған күніне орай «Асель» деп аталатын әніне түсірілген жаңа бейнебаянды таныстырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әні мен сөзінің авторы Әділ Чекилов, ол да 18 мамырда туған күнін тойлап жатыр. Клипті түсіруге жеке архивтен және Алексей Берковичтің «Джулия» фильмінің материалдары қолданылды. Аранжирлеуші – Сергей Решетников және Мехрубон Назаров, жыбыс режиссері – Назир Тұрғанбаев. Ал видеомонтаж режиссері – Әлішер Сүлейменов

Батырхан Шүкенов атындағы қордың директорының айтуынша, барлық материал архивте бірнеше жыл бойы жатқан, тек 2016 мамырында алынған.

Батырхан Шүкенов 53 жасында 29 сәуірде Мәскеуде қайтыс болған еді. Әртіспен қоштасу рәсімі Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның ғимаратында 1 мамырда өткен болатын.

Коммент өшірілген on Батырхан Шүкеновтің «Асель» деп аталатын әніне түсірілген клип жарыққа шықты