Home Жаңа әндер Төреғали мен Ерке «Аллоның» фонограммасына ілесе алмай қалды (видео)

Төреғали мен Ерке «Аллоның» фонограммасына ілесе алмай қалды (видео)

Әнші Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлі осы уақытқа дейін беріп жүрген концерттерінің бірінде фонограммамен өлең айтамыз деп қалың жұрттың алдында ұятқа қалған. Бұл туралы «Ревю” бағдарламасы хабарлайды,-деп жазады stan.kz.

Қос әнші ақпан айында Қазақстанды аралап, концерт берген болатын. Әр концертінде хитке айналған «Алло” әні айтылған. Бұл әнді орындап тұрып екеуі де фонограммаға ілесе алмай, жұрт алдында күлкіге қалған.
Видеоны көрген желі қолданушылары екі жаққа бөлінген. Бірі «Көре алмайтындардың ісі шығар” десе, енді бірі «Фанераға одан да билеу керек еді” деп жағымсыз пікір білдірген. «Бұл – монтаж. Егер видео шын болса, әншілер ұятқа қалған екен” деп сәтті шыққан бұл дуэттің әрекетін түсінбегендер де бар.

Мұндай жағдай тек жастардың ғана емес, аға буынның да басынан өткен. Бағдат Сәмединованың концертте фонограммамен ән айтып тұрғаны әшкереленіп, артынша жанды дауыспен тыңдарманның көңілін аулауға мәжбүр болған.

Дерек көзі: stan.kz

3 комментария

Comments are closed.