Home Жаңалықтар ЖЕҢІСХАН МЕН КЕНЖЕБЕК ЖАНӘБІЛОВ КЛИП ТҮСІРДІ
Жаңалықтар - 18.05.2015

ЖЕҢІСХАН МЕН КЕНЖЕБЕК ЖАНӘБІЛОВ КЛИП ТҮСІРДІ

cats3

Бір кездері ән салып, халыққа заманауи стильдегі орындаушы ретінде танылған Жеңісхан бүгінде елдегі еңселі клипмэйкерлердің бірі. Эстрадамыздағы әншілердің бірқатары жаңа бейнебаян түсірерде  Жеңісханға жүгінетіні жасырын емес.

Бүгін ол «МұзАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловке жаңа видео түсіріп бастады.  Хабарласып, түсірілім жұмыстарының жай-жапсарын сұрадық.

«Клиптің ерекшелігі  сол, сонау 40-шы жылдарға сапар шегеміз. Басты рөлді «Он и она» фильмі арқылы танылған Динара Бақтыбаева сомдайды. Түсірілімді бүгін бастадық. Қазір аяқтайын деп жатырмыз»,- дейді ол.

Кенжебек Жанәбіловтың жаңа бейнебаяны түсіріліп біткенмен, әрлеу жұмыстары жүргізіліп, көрерменге бір айдан кейін жол тартпақ.

Жеңісхан бүгінде тек клип түсірумен айналысып жүрген жоқ. Әншілігін қайта қолға алып жатыр. «МұзАрттың» солистімен қатар өзінің де бейнебаяны жарық көрмек.

Коммент өшірілген on ЖЕҢІСХАН МЕН КЕНЖЕБЕК ЖАНӘБІЛОВ КЛИП ТҮСІРДІ